Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкенттің барлық білім беру мекемелерінде біріңғай адалдық сағаты өтті
    Айғақ TV

    Шымкенттің барлық білім беру мекемелерінде біріңғай адалдық сағаты өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.09.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Осы құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы тұста, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті білім басқармасымен, жоғары оқу орындарымен, колледждермен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептермен бірлесіп бірыңғай адалдық сағатын өткізді. Іс-шарада студенттер мен оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды.

    Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

    Білім беру мекемелерінде дәріскерлер ретінде қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, әкімдік пен білім басқармасының, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторинг тобының, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері, сондай-ақ оқу орындарының басшылары сөз сөйледі.

    Осы орайда, Департамент басшысы А. Жұмағали М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Департамент басшысы «Парасаттылықты бүкіл қоғамның ортақ күш-жігерімен қалыптастыру керек. Бүгінгі таңда Сіздердің әрқайсыларыңыз уақыттың мақсатын терең сезініп, формуланы нақты ұстануларыңыз қажет: Парасаттылық-ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның өмір сүру нормасы. Жастар-болашақ Қазақстанның негізгі қозғаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ауысуы» деп атап өтті.

    Университет студенттері жастар арасындағы парасаттылық қағидаларын жүзеге асыру және елдің болашағы туралы ойларымен бөлісті.

    Студенттермен осы тұрғыдағы кездесулер Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде және Silk Way Халықаралық университетінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Т. Серікбаев пен Департамент басшысының орынбасары Қ. Қабылбековтың қатысуымен өтті.

    Айта кету керек, Шымкентте 10 ЖОО, 29 колледж және 144 мектепте бірыңғай адалдық сағаты өтті.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.