Бүгін танымал қазақстандық мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне 26 жыл. Осыған орай саясаткердің отбасы kunayev.kz порталын құрды.
Дінмұхамед Ахметұлының өміріне арналған сайтта саясаткердің есімі берілген ескерткіштер, көшелер, мұражайлар туралы ақпараттар, оның кітаптары мен жазбалары және т.б ақпараттар бар.
«Бүгінгі таңда Дінмұхамед Қонаевтың тұлғалық өмірі қоғамның, әсіресе өз заманының тарихын зерделеуге, қазіргі Қазақстанның негізі неде екенін түсінуге тырысатын жас буын арасында ерекше қызығушылық тудырады. Біз үлкен жұмыс жасадық және бүгін көпшілік назарына қазақ жерінің біртуар перзентінің тұлғасы мен қызметіне арналған сандық — ақпараттық портал ұсынамыз », — деді Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев.