Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО имамдарының форумы өтті
    Жаңалықтар

    ОҚО имамдарының форумы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.07.2016349 Views

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тарапынан 2016 жыл «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай бүгін облыс имамдарының кезекті форумы өтті. Келелі басқосуға дін істері жөніндегі  басқарма басшылары, ғұламалар кеңесінің мүшелері және облыстың 800-ге тарта имам молдалары мен медрессе ұстаздары қатысты. 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жарияланған Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы осыған сәйкес биылғы жылы бірқатар іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Соның бірі ретінде бүгін облыс имамдарының кезекті  форумы  ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат діни және тарихи дәстүрлеріміздің қолданыстағы жүргізілу барысы, алдағы келе жатқан қажылық маусымын кеңінен насихаттау, сондай-ақ діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу жұмыстарының жүзеге асырылу барысын талқылау болып табылады. Облыстың Бас имамы Ахметжан Керімбектің төрағалық етуімен форум жұмысына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Ғұламалар кеңесі мен  Зекет қорының  мүшелері, және облыстың 800-ге жуық имам молдалары және медрессе ұстаздары да қатысты. Ал форум барысында бірқатар баяндамалар жасалды. 13615072_507150576160664_442119040329128859_nФорум барысында  имамдардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орындары, медресселер мен мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының бағдарламаларын жетілдіру мәселелері де талқыланды. Айталық мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарынан жыл басынан бері 6 мыңнан жастар тәлім алған. Осы және өзге де мәліметтер айтылған жиында  мұсылмандықтың дәстүрлі жолы бойынша да мақсатты түсініктемелер берілді.13592814_507150619493993_6703794194020717744_nКелелі басқосуда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанынан 2009 жылы құрылған Ғұламалар кеңесінің мүшелері де баяндама жасады. Аталмыш кеңестің мақсаты ислам негіздеріне сүйене отырып, қоғам өмірінде мұсылмандық ұстанымға қатысты туындап отырған өзекті мәселелерде пәтуалар шығарады. Басқарманың жалпы қызметі жүйесі және оның имамдары қызметінің негізгі бағыттарын зерттейді. Уағыз тақырыптары мен жұма уағыздары мәтіндерін бекітеді. Міне осындай маңызды міндетті жүзеге асырушы ғұламалар кеңесінің өкілдері де форумда  орамды ойларын ортаға салды. Осылайша өрбіген форумда  бірқатар баяндамалар жасалып  ұсыныс пікірлер айтылды. Ал жиын соңынан арнайы қарар қабылданып, барша делегаттарға ас берілді.

    Абай Омар

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.