Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Елбасы: «Nur Otan» стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс
    Айғақ TV

    Елбасы: «Nur Otan» стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.08.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       «Nur Otan» стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Партиямыз дамудың жаңа кезеңіне келіп отырғанын бәріміз түсініп, біліп отырмыз. Заман өзгерді, жағдай өзгерді. «Nur Otan» еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруға тиіс. Бұл құр әшейін айтылған сөз емес. Біз Қазақстанның, халықтың ортасындағы елді жетелейтін, елге түсіндіретін ұйымбыз. Егер ондай рөлді орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді. Сондықтан жауапкершілікті нақты түсінуіміз керек«, — деді ҚР Тұңғыш Президенті.

    Осы ретте Елбасы партияның 2050 жылға дейін қабылданған бағдарламасында Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты қойылғанын еске салып өтті. «Барлық бағдарламалар соған байланысты. Сол мақсатқа жету үшін жасап жатырмыз. Заман талап етті. Индустриялық, инфрақұрылымдық бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина, халықты ағарту жұмыстарының барлығы бір мүддеге жету мәселесі. Барлығымыздың ойымыз осы мақсатқа жету болуы керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. ҚР Тұңғыш Президенті 2015 жылдан бастап 5 институттық реформа жүзеге асырылып жатқанын айтты.

    «Естеріңізге сала кетейін, бұл заң үстемдігі, әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім, болашағы бір ұлт, транспорентті әрі есеп беретін мемлекет. Бес бағдарлама деген осыған байланысты. 2017 жылы Парламент пен Үкіметті күшейту үшін билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта қарап, саяси жүйені жаңғырттық. 2018 жылы сайлау заңнамасын жетілдірдік. Мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілейін деп отыр», — деді Елбасы.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.