Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде аудиогид іске қосылды
    Айғақ TV

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде аудиогид іске қосылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.08.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

        ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдениет қорық-музейінде аудиогид жобасы іске қосылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер мен туристер аталған құрылғыдан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәлімет алып, саяхат жасай алады.

    — «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келуші әрбір адам тарихи орынның архитектурасы мен құрылымы, Ясауи өмірі, хандар мен би-сұлтандар, тарихи жәдігерлермен танысқысы келсе аудиогид құрылғысының көмегіне де жүгіне алады.
    Қазіргі таңда аудиогид жобасына кесененің іші ғана енгізілсе, жақын күндері қорық-музейге қарасты мәдени — тарихи орындар мен археологиялық қазба жұмыстары жайлы мәліметтер қамтылатын болады», — деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы.

    Алғашқы жоба ретінде 10 құрылғы іске қосылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген әрбір қонақ аудиогид қызметін таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00 аралығында 1 сағат бойы қолдана алады. Аталған қызмет түрі – тегін. Тек аппарат қолды болып кетпес үшін кесене ішіндегі жауапты қызметкерлерге кепіл ретінде жеке құжат тапсырылуы тиіс.

    Теледидар пульті тәрізді шағын құрылғыдағы тарихи ақпараттарды белгілі бір сандар реттілігі арқылы тыңдауға болады, яғни 1 саны Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен мұралары болса, 2 саны кесененің салыну тарихы және архитектуралық келбетіне арналған.

    Аудиогид аппаратының ең алғашқы тұтынушысы Франциядан келген турист — Mерлин.

    -«Аудиогид — туристер үшін өте керемет көмекші. Сәулеттік келбеті жағынан стилі ерекше ғимараттың салыну тарихы, тайқазан, тарихи маңызы бар үлкен бөлмелер жайлы ақпараттар ерекше қызықтырды. Аудиогид қажетті ақпаратты ала отырып, оңаша серуендеуге де өте қолайлы. Қазақстанға жасаған сапарымның барысында Түркістандағы жаңалықтың ең алғашқы қолданушысы болғаным мен үшін тарихи жағдай»,- деді Мерлин.

    Айта кетсек, аудиогид жобасы үш тілде қолға алынғанымен алдағы уақытта түрік, француз, қытай тілдерін де қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, көзі нашар көретін жандарға да арнап жəдігерлер сипатталған мәтін және дыбыстық жазуы бар нұсқасы енгізілмек.

    Дереккөз: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.