Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының абыз актері, театр тұлғасы ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, театр жəне кино актері Ошат Рахимов дүниеден озды.
1939 жылы 8 — шілдеде ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген Ошат Рахимов 1970 жылы М.Әуезов театры жанындағы театр студиясын тәмәмдаған. 1980 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Совет Құрмет грамотасы, Республикалық, Халықаралық театрлар фестивальдерінің лауреаты, КСРО мәдениет министрі мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің медальімен, 1988 жылы Өзбекстан мәдениет министрі мен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, 1991 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртисі» орденімен марапатталған. Сайрам ауданының «Құрметті азаматы»
Театр тарланы — Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» — Қозы,
«Қыз Жібек» — Бекежан,
«Ақан сері – Аққтоқты» — Ақан, Хазірет,
М.Әуезов: «Абай» — Оразбай, Жиренше, Әбдірахман,
«Еңлік – Кебе» — Көбей би,
«Айман – Шолпан» — Жарас,
Балпық, «Қарагөз» — Нарша,
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» — Бүркіт,
«Шохан Уалиханов» — Жақып,
В.Шекспир «Асауға тұсау» — Люченцио,
«Ромео- Джульетта» — Капулетти,
«Юлий Цезар» — Брут, Шиллер
«Зұлымдық пен махаббат» — Фердинанд,
Қ.Мұхамеджанов «Біз періште емеспіз» — Сәкен,
«Жат елде» — Асан, Жұман,
Х.Бекхожин «Ұлан асуында» — Барақ т.б әр түрлі мінездегі бейнелерді сомдады.
Театр тұлғасымен қоштасу рəсімі ертең
6 шілдеде сағат 15.00 де Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.
Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.