Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақ театры орны толмас қазаға ұшырады
    Жаңалықтар

    Қазақ театры орны толмас қазаға ұшырады

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.07.20161 328 Views

    Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының абыз актері, театр тұлғасы ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, театр жəне кино актері Ошат Рахимов дүниеден озды.
    1939 жылы 8 — шілдеде ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген Ошат Рахимов 1970 жылы М.Әуезов театры жанындағы театр студиясын тәмәмдаған. 1980 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Совет Құрмет грамотасы, Республикалық, Халықаралық театрлар фестивальдерінің лауреаты, КСРО мәдениет министрі мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің медальімен, 1988 жылы Өзбекстан мәдениет министрі мен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, 1991 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртисі» орденімен марапатталған. Сайрам ауданының «Құрметті азаматы»
    Театр тарланы — Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» — Қозы,
    «Қыз Жібек» — Бекежан,
    «Ақан сері – Аққтоқты» — Ақан, Хазірет,
    М.Әуезов: «Абай» — Оразбай, Жиренше, Әбдірахман,
    «Еңлік – Кебе» — Көбей би,
    «Айман – Шолпан» — Жарас,
    Балпық, «Қарагөз» — Нарша,
    С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» — Бүркіт,
    «Шохан Уалиханов» — Жақып,
    В.Шекспир «Асауға тұсау» — Люченцио,
    «Ромео- Джульетта» — Капулетти,
    «Юлий Цезар» — Брут, Шиллер
    «Зұлымдық пен махаббат» — Фердинанд,
    Қ.Мұхамеджанов «Біз періште емеспіз» — Сәкен,
    «Жат елде» — Асан, Жұман,
    Х.Бекхожин «Ұлан асуында» — Барақ т.б әр түрлі мінездегі бейнелерді сомдады.
    Театр тұлғасымен қоштасу рəсімі ертең
    6 шілдеде сағат 15.00 де Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.

    Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.