Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында банктер 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдады — ҚР Ұлттық банкі
    Әлеумет

    «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында банктер 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдады — ҚР Ұлттық банкі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.08.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Ерболат Досаев биылғы шілде айында айлық инфляция 0,2% құрағанын айтты. Бұл туралы akorda.kz мәлімдеді.

    Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде сақталды. Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі (+/-1т.п. дәлізінде 9,00% деңгейінде) мен ақша-кредиттік шарттар биыл инфляцияның нысаналы дәліз ішінде 4-6% сақталуын қамтамасыз етеді.

    «Жеміс-көкөніс өнімдеріне бағаның маусымдық төмендеуіне қарамастан, жазғы кезеңге тән дефляция процестері байқалып отырған жоқ», — деді Е. Досаев.

    Банктер кредиттік белсенділігін ұлғайтуда. Биылғы сәуір-маусымда І тоқсанда жүргізілген банктерді қалыпқа келтіруден кейін кредиттік портфель 3,5%-ға немесе 433,6 млрд теңгеге 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұзақ мерзімді кредиттер – 11 трлн теңге, қысқа мерзімді кредиттер – 1,9 трлн теңге болды.

    Ұлттық валютадағы салымдар жыл басынан бері 5,5%-ға өсті. Шетел валютасындағы депозиттер 19,8%-ға қысқарды, депозиттерді долларландыру маусымның соңында 41,6%-ға дейін төмендеді.

    7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында, 8 тамыздағы жағдай бойынша 188,3 млрд теңге сомаға 16 677 өтініш берілді, оның ішінде банктер 112,7 млрд теңге сомаға 9 813 өтінімді мақұлдады.

    «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Президент Жарлығын іске асыру аясында Үкімет пен Ұлттық Банк банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде.

    Біріншісі — халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеге дейін мөлшерде берешекті өтеу.

    Азаматтардың тізімдері бойынша берешек туралы ақпаратты жинау жұмысы жүргізілді. Ақы төлеуге тізім жасалды. Берешекті өтеу тамыздың соңына дейін аяқталады. Бұл алдын ала деректер бойынша еліміздің 508 мың азаматына 105,5 млрд теңге сомаға мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді. Азаматтар банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтініш жасамайды, берешекті өтеу жұмысын кредиторлар дербес жүргізеді, содан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.

    Екінші – 2019 жылғы 1 шілдеге барлық қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушылық несиелері үшін айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару. А.ж. 30 шілдеде банктер мен шағын қаржы ұйымдары жалпы сомасы 33,6 млрд теңгеге 1,2 млн азаматтың кепілсіз тұтынушылық несиелері үшін айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығарды. А.ж. 20 тамызда Ұлттық Банк аталған ұйымдардың шығындары сомасының 30%-ына дейін өтейтін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.