Сарыағаштан Солтүстік Қазақстан облысына көш шықты. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде ішкі көш-қонды реттеу және қоныстандыру мәселелері бойынша Солтүстік өңірлерінің 4 облысы өкілдерімен ауданда аудан тұрғындарымен кездесу жиындарын өткізілді. Одан бөлек, облыстық мәслихаттың депутаттарының демеушілігімен аудан тұрғындары арнайы автобуспен Петропавл қаласына 40 адам барып танысып қайтқан болатын. Соның нәтижесінде ауданнан 47 отбасы екі автобус және үлкен жүк көліктерімен Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. Солтүстікке аттанған аудан тұрғындарын облыстық мәслихат хатшысы Қамытбек Айтөреев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Қыстауов және аудан әкімі Бұхарбай Парманов ақ жол айтып шығарып салды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі