Бүгін Президент Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі қызметіне кіріскен Ерлан Айтахановты жоғары лауазымға тағайындалуымен Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев құттықтады.
Құттықтау хатта «республикалық маңызы бар миллиондық қаланың әкімі қызметіне тағайындалу Сіздің кәсіби біліктілігіңіздің бағамы, өзіңізге деген үлкен сенім мен үміттің белгісі деп білемін. Әрқашан да абыройыңыз биік, мерейіңіз үстем болғай» делінген.
Айта кетейік, 30 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалған болатын. Ерлан Қуанышұлын бұл лауазымға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев таныстырған еді.
«Айғақ-Ақпарат»