Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Биыл Жетісай ауданында 50 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады
    Айғақ TV

    Биыл Жетісай ауданында 50 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.07.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жетісай ауданында 2019 жылдың жазғы кезеңінде балалар және жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Ондағы мақсат – балаларды қадағалаусыз қалдырмау, денсаулығын нығайтып, қауіпсіздігі мен шығармашылық дамуына қажетті жағдай жасау.
    Жалпы биыл ауданда жазғы кезеңде демалыспен қамтылуы тиіс 1-10 сынып оқушыларының саны 41066-ны құрап отыр. Осы мақсатта бүгінде аудандағы 70 білім беру мекемесінде тамақсыз жұмыс істейтін мектеп алды алаңдары ашылып, бастауыш сыныптардың 15706 баласы қамтылмақ.
    «Биыл Жетісай ауданының бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасылары мен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қала сыртындағы лагерде демалдыру мақсатында 20 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда Түлкібас ауданында орналасқан Б.Саттарханов атындағы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде 570 оқушыны демалдыру жұмыстары жүріп жатыр», — дейді Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиев.
    Бұдан бөлек, 4 — 15 тамыз аралығында Арыс қаласынан әскери қойма жарылысынан зардап шеккен 70 оқушыны Б. Саттарханов атындағы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде демалдыру жоспарлануда.

     Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.