Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Тоқаев еңбек демалысы қарсаңында кімдерді тағайындады?
    Айғақ TV

    Тоқаев еңбек демалысы қарсаңында кімдерді тағайындады?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.07.2019Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. «Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын», — делінген Жарлықта. Тимур Сүлейменов 22 наурызда Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл жерде ол Ерұлан Жамаубаевты алмастырды. 2019 жылдың наурыз айының басында Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте қызмет атқарды. Оны қаржы реттегіш төрағасының орынбасары етіп тағайындады. 2016 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында бас кеңесші қызметінен бастады. 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметтерін атқарды. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі (министр)

    Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. «Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын», — делінген хабарламада. Аида Балаева 1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша және Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Әр жылдары ол Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне қарасты Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Алматы қаласы ішкі саясат департаменті директорының бірінші орынбасары, Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің директоры, Нұр-сұлтан ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. Төрт жыл бойы қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.

    Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. Осыған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметін» құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ол Kaliyev Channel Telegram арнасының авторы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Журналист, ішкі істер министрінің кеңесшісі болды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат Комитетінде, Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Таяуда Талғат Қалиев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірді.

    Президент жанынан жаңа қызмет құрылды Сондай-ақ, Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды; Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
    Kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.