Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шымкент қалалық филиалы жетекшісінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданының «Құрметті азаматы», «Мұз-Тау» брэндінің негізін қалаған елімізге белгілі кәсіпкер, меценат, Ғани Шаймарданов Арыстың 50 баласын шырайлы Шығыстың лагеріне демалысқа жіберген.
Өрлі Алтайдың бауырында орналасқан «Арайлы Шығыс» балалар лагері жыл бойы жұмыс жасайды.
Әсем табиғатпен үйлескен Бұқтырма көлінің керемет көрінісі көңіліңізді сөзсіз жайландырады.
Арыста орын алған төтенше жағдайдан кейін, әсіресе балалардың психологиялық көмекке зәру екендігі мәлім. Осы тұста, Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектеп оқушыларын жаздық сауықтыру орындарына жіберу міндеттелген болатын. Еліміздің әр өңірі өз белсенділігін танытып, бұл мәселені бірауыздан ұйымдастыра білді.
Ал, арыстық ағайынның аз да болса мәселесін шешуде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шымкент қалалық филиалы жетекшісінің орынбасары Ғани Шаймарданов та азаматтық танытып, 50 баланың Катон-Қарағайға өз есебінен демалысын ұйымдастырып жатыр. 10 күннің ішінде Шығыс Қазақстан облысының тарихи орындарына саяхат жасатқан лагерь ұжымы балалармен бірге «Берел» қорымына, Үлкен Нарынға шыққан. Бастысы, бақытты шақтың ыстық еселіктері балалардың мәңгі жадында қалмақ.