Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Ерлікпен қаза болған полицейлерге арналған ескерткіш ашылды
    Әлеумет

    Ерлікпен қаза болған полицейлерге арналған ескерткіш ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.07.2019701 Views

    Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туылған күніне орай Сарыағашта қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арнап мемориалды ескерткіш ашылды. Ескерткіш Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ауласында орналасқан. Оны салтанатты түрде ішкі істер органдарының ардагерлері А.Ештаев пен Ә.Диханбаевтар ашып, гүл шоқтарын қойды. Жиналған қауым бір минуттық үнсіздікпен батырларды еске алды. Ашылған мемориалды ескерткішке қаза тапқан 8 полиция қызметкерінің есімі жазылған.

    «Бүгін біз еліміздің әрбір азаматының қауіпсіздігін, олардың бейбіт өмір сүруі мен қоғам тыныштығын  қорғайтындарды құрметтеу үшін жиналдық. Қылмыскермен бетпе-бет келуден қорықпайтын батыр ұлдарымызды, оларды құрықтауда жанын пида еткен полицейлерді бүгін ұлықтауға келіп отырмыз. Ішкі істер органдарының қызметкерлері кез-келген уақытта адамдарға көмекке келеді. Полицейлер кезекшілік міндетін атқарған кезде де өздерінің өмірлерін жиі тәуекел етеді. Сондай-ақ, Департамент бастығының, өзімнің атымнан ерлік пен қаһармандық үшін қаза тапқан полицейлерді өмірге әкелген, еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеген ата-аналарға басымды иіп, алғысымды айтамын. Қызметтік борыштарын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқандар есімі отандастар есінде мәңгі қалады»,- деді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұхтар Аманқұлұлы.

    Осыдан соң, туристік полиция бөлімшесінің полицейі, полиция майоры Н.Алимбековтің орындауында жанды дауыспен бірнеше әндер шырқалды. Ерлікпен қаза болғандарды еске түсірген әуезді әндер жиналғандардың көзіне еріксіз жас ұялатты. Шара барысында қаза болған полицейлердің ата-аналарына, жақындарына Сарыағаш АПБ тарапынан құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар,  Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің атынан бірқатар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс хаттар берілді. Жиын соңында Сарыағаш ауданындағы мейрамханалардың бірінде ас беріліп, құран бағышталды.

     ТО ПД-нің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.