Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Сарыағаш пен Кентауда «фронт-офистер» ашылды
    Айғақ TV

    Сарыағаш пен Кентауда «фронт-офистер» ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.07.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туылған күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Кентау қалалық полиция бөлімі мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімдері жанынан «фронт-офистер» ашылды. Бұл өз кезегінде қала мен аудан азаматтары үшін тиімділігін, кері байланыс жасау мүмкіндігін береді. Аталмыш кеңсе Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын  іске асыру мақсатында өз жұмысын жандандырмақ.

    Салтанатты түрде ашылған Сарыағаш ауданындағы халықтық кеңсеге Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Қожабаев, Сарыағаш АПБ-нің басшысы, полиция полковнигі Е.Нұралиев, аудан әкімі Қ.Абдуалиев, ішкі істер органдарының ардагерлері және аудан тұрғындары мен жеке құрам қатысты.

    Сондай-ақ, дәл осы күнгі қуаныштар екі есеге еселене түсті десек артық айтқанымыз емес. Мәселен, Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Кентау қалалық полиция бөлімінде де азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін орындау мақсатында халықтық кеңсе ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Аталмыш шараға Кентау қалалық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Е.Қыдырбаев, қала әкімінің орынбасары Самат Расул, қаланың зиялы қауымдары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Мереке қарсаңында ашылған қос фронт-офис заман талабына сай толығымен компьютерлік техникалармен және жиһаздармен жабдықталған. Аталған нысандарда азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, бейнебақылау жүйесі тартылған. Келген тұрғындар үшін барлық жағдай қарастырылған.

    Полиция саласына қатысты көмек сұрап келген қала, аудан тұрғындары өздерінің сақшылардың, ішкі істер органдарының іс-әрекеттеріне  қатысты мәселелері, оның ішінде қабылданған арыз бойынша сұрақтары мен өтініштері арнайы мамандарға жолданып, санаулы уақыттарда шешілуіне үлкен септігін тигізеді. Арнайы мамандар түсіндірмелер мен кеңестер беріп, мәселелерін қарайды. Оны тікелей фронт-офисте орналасқан жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер және көші-қон қызметі тобының мамандары орындайды.

     Ішкі істер органының халыққа жақындығы мен ашықтығын көздеген, азаматтардың аяқсыз қалған мәселелерін шешіп, алғысқа бөленіп жатқан, облыстық Полиция департаментінің тікелей мұрындық болуымен толассыз ашылып, жұмыстарын атқарып  жатқан  халықтық-кеңселердің ісіне біз де өз тарапымыздан сәттілік тілейміз. Астанамыздың туылған күнінде қос бірдей полиция бөлімінде ашылған заманауи кеңсенің халық үшін игі қызмет ететініне кәміл сенеміз.

    Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы Полиция департаментінің тікелей ықпалымен облыс көлемінде 6-шы фронт-офис ашылып,  тұрғындар үшін қызмет көрсетуде. Олар, киелі Түркістан шаһарында, Жетісай мен Кентау қалаларында, Келес пен Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында орналасқан. Жоспар бойынша мұндай фронт-офистер биыл облысымыздың барлық қала, аудандарында ашылады деп күтілуде.

     

    ТО ПД-нің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.