Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Арыста 3,5 мың құрылысшы 7 мыңға жуық үйді жөндеп жатыр
    Әлеумет

    Арыста 3,5 мың құрылысшы 7 мыңға жуық үйді жөндеп жатыр

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.07.2019333 Views

    Бүгін Арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстар, қаланың қазіргі жай-күйі туралы брифинг өтті. Жиында шаһар басшысы Мұрат Қадырбек құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Арыс қаласы күнделікті қалыпты өмірге оралып келеді. 3 мыңнан астам құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында жергілікті тұрғындар тартылған. Қазіргі таңда 340-тай үй жөнделді. Үкімет тарапынан Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңге беру жөнінде қаулы қабылданған болатын. Қазірдің өзінде арыстықтардың 90 пайыздан астамы осы көмекке құжат тапсырды. Таяуда барлық тұрғынның құжаты жиналады, яғни, бұл жұмыс аяқталуға жақын тұр», – деді ол.
    ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Қайыргелді Хусаинов қала аумағы мен әскери қоймадан 20 шақырым радиус қашықтықта тексеру, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, радиация қаупі жоқ екенін баяндады. Сонымен бірге қаладан 60 шақырым қашықтықта оқ-дәрілердің жарылмаған жалғыз бөлшектерін жою бойынша жоспарлы жұмыс атқарылуда. Сағат таңғы 9 бен 18.00 аралығында жарылыс дыбыстары естілуі мүмкін және ол тұрғындар үшін қауіпсіз екенін жеткізді.
    Ал Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік басқармасының басшысы Алмасхан Тастанбеков қала аумағында тәртіп сақшылары тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын, тұрғындардың құқығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытында жұмыстар жолға қойылғанын атап өтті. Тұрғындарға жалған ақпарат тарату және арандату бойынша 10 адам тергелгенін, дәлелсіз дерек тарату қылмыс екенін және мұндай қылмысқа барғандар заң алдында жауап беретінін айтты.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.