Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының Арысқа көрсетіп жатқан көмегі жайлы айтып берді
    Әлеумет

    Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының Арысқа көрсетіп жатқан көмегі жайлы айтып берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.06.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов брифинг өткізді. Онда жарылыстан зардап шеккендерге облыс тарапынан ұйымдастырылып жатқан көмек туралы баяндалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
    Айта кетейік апат орын алған күні 24-26 маусым күндері Жамбыл облысының Жамбыл, Луговое және Шу станцияларында 11 жолаушы пойызы тоқтаған болатын. Ондағы жолаушыларға облыс тарапынан тиісті жағдай жасалды. Теміржол станцияларында тәулік бойы медицина қызметкерлерінен 4 бригада кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетті. Вокзал маңындағы мектептер мен қонақ үйлерден төсек орындар әзірленіп, тамақтану пункттері ашылды.
    Сондай-ақ, 25 маусымда Тараз қаласына Арыс қаласының («Һибатулла Тарази» мешітіне) 134 тұрғыны жеткізіліп, орталық мешітке жайғастырылған. Оларға жергілікті билік пен тұрғындар тарапынан барлық керекті жағдайлар қарастырылып, ыстық тамақ, жатақхана, монша, медициналық көмек ұйымдастырылды.

    Өңір басшысының айтуынша, 28 маусым күні Арыс қаласының 100 баласы «Болашақ» жазғы сауықтыру лагеріне және 10 бала «Тау самалы» лагеріне қабылданған. Қосымша тағы 12 бала қабылданбақ.
    Зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету бойынша «Арыс. Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында 4 қабылдау пункті ашылды. Онда жинақталған азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттар Арысқа жеткізілді. Жамбыл облысы арыстықтарға алғашқылардың бірі болып қол ұшын созып, бүгінге дейін барлығы 182 тонна гуманитарлық көмек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жөнелтілген.
    Ол ғана емес, тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 2,2 миллион теңгеге қажетті дәрі-дәрмегімен қамтылған арнайы жасақталған 4 реанимобильмен 8 фельдшер Арыс қаласына жіберілген.

    Сондай-ақ, брифингте Асқар Исабекұлы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша облыс тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
    «Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлініп, Жамбыл облысына 3-ші сектор бекітілді. Белгіленген аумақта 9 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелді. Қазіргі таңда, менің орынбасарымның басқаруымен тұрғын үйлердің ақаулық актілерін рәсімдеу үшін құрамында 70 адамы бар 9 мекеме жұмылдырылып, 28 маусымға 257 үйге тексеру жұмыстарын аяқтады», — деді облыс әкімі.
    Бүгінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 15 құрылыс фирмасы тартылып, 100 адам жұмыс атқаруда. Арыс қаласына аттанған Жамбыл облысының Штабы аталған сектордағы «Арасан шипажайының» аумағында орналасты. Штаб жұмысына 170-тен астам адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарына қажетті күштер мен құралдар толығымен жеткізілді.
    Қазіргі таңда «Әулие Ата — Демеу» қайырымдылық қорына бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардан қаржылар аударылуда. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі.
    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.