Кез келген мегаорталықтың транспорттық жүйесінің ең басты мақсаты –қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған орай қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов Әл-Фараби алаңы мен жаңа әкімшілік іскерлік орталығында 12 шақырымдық велосипедпен жүруге арналған арнайы веложол жасауды тапсырды.
Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңінде велосипед қолданушылардың жүруіне кедергі келтіретін Б.Момышұлы, Желтоқсан, Д.Қонаев даңғылы және Т.Назарбеков, С.Бәйтереков, Астана даңғылындағы велосипед қолданушылары үшін кедергілерлерді жою жұмыстары жүргізілуде. Жобаның екінші кезеңі аясында веложол Ордабасы алаңы және Қазыбек би көшесі, сонымен қатар Желтоқсан көшесі мен Д.Қонаев даңғылы аралығында жалғасын табатын болады. Жылдың соңына дейін аталған бағыттар бойынша арнайы веложол белгілері, велосипедке арналған орындар салу жоспарланған. Сонымен қатар жыл соңына дейін шаһардағы Сайрам, Ш.Уәлиxанов, Т.Рысқұлов, Тұрысов көшелеріндегі аяқжолдарда велосипед жолы салынады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі