Арыстың тумасы, белгілі меценат, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Дінмұхаммед Ыдырысов жерлестеріне 50 млн. теңге аударды.
Жерлестерінің басына қиыншылық туған сәтте көмек көрсетуде перзенттік парызы санаған Дінмұхаммед Ыдырысов арыстық ағайынға көңіл айтып, «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 30 млн. және «Шымкент қаласын дамыту қоры» қоғамдық бірлестігіне 20 млн. теңге аударды.