Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифингтен соң, Арысқа арнайы барып, қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты аудан-қала басшыларына бірқатар тапсырмаларды берді. Яғни, 1 ай көлемінде 17 секторға бөлінген Арыс қаласын әр ауданнан 40 шақты көмек қолын тартуға шақырды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қаупі сейілгеннен кейін арыстық ағайындарды шаңырақтарына ертерек оралуына бар мүмкіндіктерін жасайтындығын айтты.