2019 жылдың маусым айының 26-ы күні 14 сағат 30 минут шамасында Түркістан облысы Арыс қаласы МПС 42 ұй тұрғыны 1940 жылы туылған Маханбетов Пернебек 1-ші топтағы мүгедек құлағы естімейтін және көзі көрмейтін қария жарылыс кезінде үйінде жалғыз өзі қалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түседі.
Сол мезетте Арыс 1 ст. ЖПБ-нің бастығының орынбасары полиция подполковникгі А.Н. Орманов, Арыс-2 ст. ЖПб-нің бастығы полиция майоры М.П. Макулбеков және Арыс 1 ст. ЖПБ ӘПб КТІЖ ЮПт-ның УПИ полиция аға лейтенанты А.Б.Турабеков айтылған мекен жайға барып, үш күн бойы жарылыстарды естімей жатып қалған қарияны алып шығып, дәрігерлерге көрсетіп, Арыс қаласынан тыс жерге алып шығып кетті.