Сапар барысында Мəулен Сағатханұлы алдымен Ордабасы ауданыдағы Тәуке xан жалпы орта мектебінің уақытша қабылдау бекетінде болды. Мұнда қазіргі таңда апат аймағынан оқшауланған 112 азамат орналастырылған. Оның 19-ы балалар.
Қазіргі таңда мұндағы ахуал тұрақты деуге негіз бар. Себебі, мектеп жанындағы бекетте азаматтар 4-5 мезгіл ыстық тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз етілген. Дəрігерлер мен құқық қорғау саласы қызметкерлерінің тəуліктік кезекшілігі ұйымдастырылып отыр. Сонымен бірге бірқатар аймақтардан келген еріктілер апаттан зардап шеккендерге азық-түлікпен киім-кешекпен көмек көрсетуде. Осы орайда партия төрағасының бірінші орынбасары бекетке орналастырылған тұрғындармен кездесіп ахуалдарымен танысты.
Сонымен қатар, Мəулен Əшімбаев сапар барысында Шымкент қаласына да аялдап, басқа облыстағы филиалдардан келетін гуманитарлық көмекті күтіп алу шарасына да қатысады деп күтілуде.