Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Көрсетілетін көмектеріңізді дұрыс есепшотқа аударыңыздар!
    Әлеумет

    Көрсетілетін көмектеріңізді дұрыс есепшотқа аударыңыздар!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.06.2019Updated:25.06.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы, Арыс қаласындағы жағдай күллі Қазақ елін алаңдатты. Мемлекет тарапынан тұрғындарды қолдау, қауіпсіз аймақтарға көшіру шаралары жүргізілді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен аудан, қалаларда тұрғындарды қабылдайтын орындар әзірленді.

     Бауырмал қазақ халқы осынау қиын сәтте біркісідей жұмылып, мейірім мен бірліктің асқақ үлгісін көрсетіп жатыр. Қиын жағдайға тап болған Арыс қаласының тұрғындарына қалай көмектесеміз? Қалай қол ұшын соза аламыз? Осындай сұрақтармен шынайы ниетін білдіріп жатқан отандастарымыз өте көп.

    Міне, осы сұрақтарға жауап беру мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында «Арыс – көмек» деген арнайы блог ашылды. Арыс қаласындағы жарылыстан кейін жақынын, баласын жоғалтқандар осы сайтқа кіріп, мәлімет ала алады. Сонымен бірге туған-туысын іздеген азаматтар arys.komek@mail.ru эл.поштасына бар мәліметті жолдай алады.

    Сонымен бірге қаржылай көмек қолын созамын дейтін азаматтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылды.

     «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

    Түркістан облысы

    Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

    Пошта индексі 161200

    БСН (БИН) 100440016000

    «ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

    ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

    БСК (БИК) IRTYKZKA

    Осы есеп-шот жариялана салысымен Арыс жұртшылығына қайырымдылық жасауды жөн көрген азаматтар бірден іске кірісті. Қазір арыстықтарға көмектескісі келетін кез келген азамат жоғарыдағы есеп-шотқа ақша аудара алады.

    Бүгін  белгілі шымкенттік кәсіпкер-меценат Қайрат Молдасейітов Арыстағы тұрғындар мұқтаждығы үшін 10 млн. теңге аударды. Ол өзге де кәсіпкерлерді игілікті іске шақырды.

    Ендеше, осы сәтте Арыстағы халыққа қолдау көрсетіп, жомарт жүрек танытайық, ағайын. Бұл қиындықты күллі алаш жұрты болып бірге жеңеміз!

     

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.