Бұған дейін, Ордабасы ауданының Бадам ауылдық әкімдігінде эвакуацияланған Арыстық тұрғындардың арасынан 5 жастағы қос бірдей бүлдіршін ата-аналарын іздеп жатқандығын «Айғақ» телеарнасының тілшілері хабарлаған болатын. Балабақша тәрбиеленушілері жалпы жұртпен бірге осында әкелінген екен. Жәутеңдеген балапандармен тілдескен журналист Мақсат Тоқсанбай ата-аналарын табуға көмектесті.
Бүлдіршіндердің бірі — Бердіхан Бейбарыс болса, екіншісі — Ұлан. Екеуі де 5 жаста.
Бейбарыс әкесінің аты Сәкен және анасының есімі Сәуле екендігін білген. «Айғақ» ақпараттық порталында жарияланған жазбадан соң, қос бүлдіршін де ата-аналарымен қауышып отыр. Өз кезегінде балалардың ата-анасы телеарнаға алғысын айтуда.