Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты дəл қазіргі таңға дейін Шымкент қаласының №1-ші клиникалық ауруханасына жалпы саны 19 азамат әр түрлі дене жарақатымен түскен.
Олардың 14-і ересектер болса, 5-еуі балалар. Түрлі жарақаттармен түскен балалардың 4-еуі тиісті тексерістен соң балалар ауруханасына жіберілсе, 14 ересек азаматтың біріне шұғыл ота жасалуда. Бұл туралы қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Өткіржан Молдаханов мəлімдеді.