Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елге қызмет – абыройлы міндет
    Жаңалықтар

    Елге қызмет – абыройлы міндет

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.06.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23-ші маусым мемлекеттік қызметшілер күні ретінде қабылданған болатын. Биыл міне аталған мереке 4-ші рет салтанатты түрде аталып өтілді. Ел дамуында елеулі еңбек етіп жүрген облысымыздың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен мерекелік жиын ұйымдастырылды. Алаштың көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханов: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген екен. Расында, білімі мен білігі толысқан, алайда қарапайым елге деген жанашырлығы жоқ жаннан келісті басшы шығуы екіталай.  «Елге еткен қызмет -абыройлы міндет» деп білген мемлекеттік қызметшілер біздің өңірдің әрбір аудандарында табысты қызмет етуде. Жылына бір келетін осы бір төл мерекемен жиылған қауымды құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов: «Мемлекеттік қызметші – әрбір істе билік пен халықты жалғайтын алтын көпір» екендігін ұмытпауға шақырды.   13517443_998610720255267_488839830165599801_oБилігі мықты елдің – тірлігі құтты. Өз саласында жемісті еңбек етіп, өз ұжымын алға жетелеген бірнеше азаматқа бұл күні өңір басшысының тарапынан құрмет көрсетілді.  Мереке күнінде мерейі үстем болған жандардың бірі — Бақтияр Аталықов. 40 жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен ел ағасы бүгін «ОҚО-на сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ардагер бүгінде ҚР Экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып, ел дамуына үлес қосуда.13502831_998606256922380_10189979558845090_oМемлекет басшысының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» еңбегінің алғашқы кіріспесі халық мүддесіне қызмет  ететін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Берік Бекжанов мемлекеттік қызметкерлердң ең бірінші кезекте  қарапайымдылық пен қанағатшылдықты дәріптеуге шақырды.13528527_998606420255697_5045499526404645162_o2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерде жауапкершілікпен қатар жалақы да артып отыр. Яғни әрбір халыққа қызмет етушінің айлық табысы бұрынғыдан орта есеппен алғанда 30 пайызға өсті. Біздің өңірдің өзінде ел мүддесі жолында бас-аяғы  8217 мемлекеттік қызметкер қызмет жасауда. Мереке қарсаңында айтарымыз, мәңгілік ел үшін қажырлы еңбек етер жандар көбейсін!

    Ботагөз Мәдібек

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.