Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.06.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылына газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Бақытбек Танагөзов жамбылдық тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

    «Тәуелсіздігіміз  туын тіккен жылдардан бері елімізде, оның ішінде біздің ауданда  көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынып, ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Соның бір парасы бүгін Жамбыл ауылында жүзеге асуда. Бүгін міне қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Ауылға көгілдір отын беріліп жатыр. Бұл  – Тәуелсіздіктің тартуы», – деді.

    Көгілдір отынға қол жеткізген Жамбыл ауылының тұрғындары енді көмір тасып, күл шығармайтын болды деп, жүрекжарды тілегін жеткізген ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әбдіхалық Ағабеков ел тұрғындары атынан алғысы мен ризашылығын білдірді.

    Жамбыл ауылы бұған дейін газдандырылмаған болатын. Енді елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қатысты туындаған сұрақтары толығымен шешімін тауып отыр.  

    Айта кетерлік жайт, ауданда 2015 жылы «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы  жүргізіліп, қараша айында көгілдір отынның алауы жағылып, аудан орталығына газ берілген болатын. Облыс қазынасынан арнайы қаржы бөлініп, 2017-2018 жылдары аралығында аудандағы 8 елді мекенге газ құбырының құрылысы жүргізілді. 8 елді мекеннің 3-і Жамбыл ауылдық округіне қарасты ауылдар. Қазіргі таңда газ округ орталығына берілсе, қалған 2 елді мекенде жақын күнде кезек-кезеңімен қосылғалы отыр.

    Сонымен қатар қазіргі таңда аудандағы 7 елді мекенде газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

     

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.