Шымкент қаласындағы 200-ге тарта сайлау учаскесі еліміз үшін маңызды күнге таңертеңнен бастап сақадай дайын. 9 маусым — қазақстандықтар үшін тарихи дата десек болады. Себебі халық ҚР Президентіне үміткер болып тіркелген 7 кандидаттың бірін таңдайды.
Мегаполистегі №157 сайлау учаскесіне де таңғы сағат 07-00-ден бастап келушілер қатары басым. Тұрғындар мемлекет басшысын сайлауда өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында Шымкент қаласының мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев та сайлауда өз таңдауын жасады.
Негізінен №157-ші учаскеде 1173 сайлаушы тіркелген. Оның 23-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Өтініш бойынша бірінші топтағы бір азамат таңдауын үйінде жасайды..
Сайлаудың әділ, әрі сапалы өтуін қадағалау мақсатында 2 шет елдік бақылаушы және еліміздің еріктілерінен 2 азамат келген. Сайлау учаскесінде 6 кызметкер бар.