Бүгін — Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін маңызды күн. Шымкент қаласындағы №2 сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Гүлзат Искакова xаттама оқып, байқаушылар тізімі мен комиссия мүшелерін таныстырды. Сағат 07:00-де еліміздің әнұраны әуелеп, кандидаттарға дауыс беруге қала тұрғындарының алғашқы легі келе бастады. №2 сайлау учаскесінде 2489 адам тіркелген. Зейнет жасындағы Орынбасар Сәрсенбаев та бір топ ардагерлермен дауыс беруге келді. Мемлекетіміз — дамудың даңғыл жолымен жүріп, гүлдене берсін деген ақ тілегін жеткізді.