9 маусым, сағат 7:00. Көптен күткен Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды.
Алдымен, еліміздің Әнұраны шырқалды. Шымкент қаласының №101 сайлау учаскесінде Қ.Рысқұлбеков, Желтоқсан, А. Байтұрсынов және Ғ. Иляев көшелерінің тұрғындары келіп, дауыс беретін болады. Таңертеңнен сайлауға белсене атсалысып жатқан тұрғындардың қатарында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов бар. Өз болашағының Президентін таңдауға келген өзге де тұрғындардың қатары көп.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.