20 тамыз күні ақшаның еркін ауытқуға өтуі халықтың әлеуметтік жағдайын қалыпты ұстауы үшін Шымкент қаласының әкімдігі де шұғыл шараларды бастап кетті. Шағын және орта бизнес өкілдерінің басын қосып, тауар бағасын бұрынғысынша қалдыруды тапсырған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қою керектігін баса назарда ұстады. Енді, күнделікті тұтынымдағы дәрі-дәрмек, азық-түлік, жанар-жағармай бағасы қала әкімдігі жанынан құрылған бағаны тұрақтандыру жөніндегі комиссияның қатаң қадағалауында болады. Талапты орындамаған жағдайда кәсіпкерге қатаң шара қолданылады. Ал, тауар құнын қалпында ұстап тұрамыз деп уәде берген бизнес өкілдері халыққа ыңғайлы жағдай жасауға даяр екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, коммуналдық төлемдердің бағасы да өспейтін болады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы өз сөзінде атап айтты. Қоғамдық көліктің жолақысы өзгеріссіз қалады. Ал, заң ғылымдарының докторы, облыстық базарлар ассоциациясының төрағасы Қайрат Балабиев валюталық дәліздің алып тасталғаны ел кәсіпкерлеріне оң ықпалын тигізеді деп отыр. Өйткені, нарықта енді отандық өнімдердің саудасы жүрмек. Ал, базар басшылары сауда қатарларындағы тауар бағасын міндетті түрде қадағалап отырмақ.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...