Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістандық түлектер сыныптастарына үйдің кілтін табыс етті
    Айғақ TV

    Түркістандық түлектер сыныптастарына үйдің кілтін табыс етті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.06.2019Updated:04.06.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын ұям» жобасы қолға алынғаны белгілі. Қайырымдылық жасауға шақыратын бастаманы қабыл алған түлектер облыстың әр қиырында жүректі елжіретер игі істерімен қуантып жатыр. Сондай қуанышты оқиғаның бірі Түркістан қаласында өтті.

    Облыс орталығындағы «Бекзат» шағынауданында орналасқан Ж.Жабаев атындағы №11, Ж.Еділбаев атындағы №18 және Абай атындағы №31 мектептерін 1999 жылы бітірген түлектер өздерінің 20 жылдық кездесулері қарсаңында ізгілікті істі қолға алды.

          Атаулы күнді атап өту мақсатында бас қосқан үш мектептің түлектері Рамазан айында қайырымдылық шараны өткізуді ұйғарып, өздерінің арасынан көмекке мұқтаж сыныптастарына тұрғын үй салып беруді жоспарлаған. Жуырда осы ізгілікті ой іске асып, тағы бір отбасы қуанышқа кенелді.

    «Жақсылықты әуелі жақыныңнан баста» дегендей, қария анасымен бірге тұратын сыныптас жігіттің тұрмыстық жағдайын ескерген құрдастары оған тұрғын үй табыстауды жөн көріпті. 1982 жылы туған қайырымды азаматтар үйдің құрылысын аяқтап 3 бөлмелі үйді Рамазан айында иесіне тапсырды.  Шын ниетпен қолға алынған іс оңды болып, қуанышқа кенелген азаматтың үйінде ауызашар берілді. 

    Осылайша облыс әкімдігі қолға алған «Алтын ұям» жобасын ізгілікті іспен жалғаған түркістандық түлектер  бір отбасыны қуанышқа бөледі. Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туып-өскен ауылдың азаматтарына ел де дән риза.

    Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.