Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАНДА 2 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖУЫҚ 5 ЖОБАНЫҢ МЕМОРАНДУМЫ ТҮЗІЛДІ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАНДА 2 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖУЫҚ 5 ЖОБАНЫҢ МЕМОРАНДУМЫ ТҮЗІЛДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.05.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында жалпы сомасы 1,97 млрд. АҚШ долларына 5 жобаның меморандумы түзілген болатын. 

    1) Келіссөз Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасында жүрді. Жобаның жалпы құны – 100 млн. АҚШ доллары. Күн электр стансасы қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланады. Стансаның жалпы қуаттылығы – 100 мВт құрайды. Жоба 2019-2021 жылдары іске асырылатын болады. Орналасатын нақты мекен жайы анықталуда. Жалпы аумағы 150 гектарды құрайды. Күн электр стансасы іске қосылғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

    2) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасында 524 млн. АҚШ долларына өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. 

    Меморандум негізінде «Түркістан» индустриалды аймағында Қазақстан-Қытай индустриалды паркі салынатын болады. Онда энергетикалық жабдық пен бұйымдар өндірілмек.

    3) ҚР Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және «Kazakhstan CHN-KZ electric industrial park group» қытай компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.  

    Келісім негізінде қуаттылығы 200 мВт болатын жел электр стансасы мен күн электр стансасын салынады. Жобаның жалпы құны — 225 млн. АҚШ доллары. Электр станса Кентау қаласының Қотырбұлақ елді мекенінде орналасатын болады.

    4)Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы 27 млн. АҚШ долларына Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілді.

    Жабық алқап түгелдей жоғары технологиямен жабдықталады. Ауқымды жоба екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңінде 11 гектар жылыжайды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші кезеңде тағы 9,5 гектары салынады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Инвестициялық келісімшарт жасалып, қажетті құралдары жеткізілген.

    5) Түркістан облысы, Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға Келес ауданында 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады.

    Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.