Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО ІІД бастығы халық алдында есеп берді
    Жаңалықтар

    ОҚО ІІД бастығы халық алдында есеп берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.06.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сейсенбі күні Оңтүстік өңірінің орталығы Шымкент қаласынан, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Мақтарал, Қазығұрт, Шардара, Түркістан және Кентау қала, аудандарынан жалпы 250-ге жуық тұрғын облыс әкімінің мәжіліс залында жиналып, департамент бастығының есебін тыңдады. Есепті кездесуге, тұрғындармен қатар облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесі төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ ОҚО ІІД басшы құрамы қатысты. Өткен 5 жылда атқарылған жұмыстарға тоқталған полиция генерал-майоры Асқар Шуашұлы өз сөзінде, жылдан жылға учаскелік полиция тіректерінің саны 201-ге артқанын, 13 ауданда 156 бейнебақылау камераларының орнатылғанын, учаскелік полиция тіректерінің жанынан 262 Қоғамдық кеңестердің құрылғанын атап өтті. Сондай-ақ, 2012 жылы Мақтарал, Сарыағаш, Түркістан қалаларында 25-50 орындық арнайы қабылдау бөлімдері ашылғанын және ОҚО ІІД жеке құрамы 640 шаттық бірлікпен толыққанына тоқталды.

    13269288_259253831102231_4944647016989167632_nӨз кезегінде, 2011 жылы кісі өлтірудің 128 жайты тіркеліп, ашылу пайызы 31,2 құраса, ал 2015 жылы 79 жайт тіркеліп, ашылу пайызы 63,3-ке яғни қылмыстардың ашылуы 24,8 пайызға жоғарылаған. 2011 жылдан бері қарақшылық шабуыл және тонау жайттарының саны айтарлықтай төмендеген. Ал, қарумен жасалған қылмыстар саны 50 пайызға төмендеген. 2015 жылы полицейлер есірткі айналымының 281 жайтын әшкерелеген болса, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары көрсеткіш. Жасөспірімдермен жасалған қылмыстың саны 30 пайыздан жоғары көрсеткішке қысқарған.
    Ағымдағы жылдың басында ОҚО ІІД-де жаңа құрылым- Жергілікті полиция қызметі құрылып, департаменттің бірнеше бөлімдері, жол-патрульдік полициясы және учаскелік инспекторлар қарамағына енді. 2015 жылы тәртіп сақшыларының қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын-алу және ескерту шараларының нәтижесінде 252675 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 56,8 пайызға жоғары. Соңғы 5 жылда айыппұлдан облыстық бюджетке 6 млрд. теңгеден астам ақша өндірілді.
    Сондай-ақ, тұрғындар генерал майор А.Оспановқа көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, тиісті жауабын алды. Департамент бастығына журналистер, қоғамдық кеңес мүшелері және маслихат депутаттары да сауалдар мен өз ұсыныстарын жолдады.
    Маслихат депутаттары қазіргі қоғамдағы полицияның беделін арттыратын кинолар мен бейнероликтер түсіруді ұсынып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полицейлердің жұмысына жоғары баға беріп, алғыс айтты.
    Сонымен қатар, кездесу соңында департамент бастығы Асқар Оспанов Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД жанындағы Консультативтік –кеңесші органның төрағасы, милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтановқа КСРО-ның екі дүркін батыры Талғат Бегелдиновтың естелік медалін табыстады. Және Ішкі істер органдарының құрметті ардагері, отставкідегі полковнигі Батырхан Өмірзақовты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақи салтпен шапан жапты.

    13423931_259253947768886_8172466576192218851_n

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.