Сәрсенбіде өңір басшысы белгиялық «WILLEMEN GROEP NV» компаниясының өкілі Дэни Ротьерспен кездесті. Басқосуда шетелдік қонаққа Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласындағы негізгі жетістіктері айтылып, денсаулық сақтау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп бағытында бельгиялық кәсіпкерлермен әріптестік орнату жайы айтылды. Өз кезегінде шетелдік компания өкілдері өңірде әлеуметтік саланы дамытуға ниетті екенін жеткізді.
ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН СПОРТШЫ
Әзербайжанда өткен жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында шымкенттік балуан чемпион атанды. Үшінші мегаполистің халықаралық әуежайында жеңімпазды жақындары зор қошеметпен...










