Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ: ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІН БАСТАП БЕРДІ
    Әлеумет

    ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ: ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІН БАСТАП БЕРДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.03.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария еткен болатын. Осыған орай, Түркістан өңірінің зиялы қауым өкілдері Тұңғыш Президент жайында өз пікірлерін білдірді, — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    «Миллиондаған адамдар ұқсауға тырысқан Ұлт Көшбасшысы уақытынан бұрын өкілеттілігін тоқтатып, Президенттік лауазымын тапсырды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан үшін жасаған игі істеріне ел дән риза. Тәуелсіз жас мемлекеттің ең өршіл жобалары іске асты. Халыққа жасаған қызмет Елбасының ерік-жігері, шынайы отансүйгіштігі, даналығы, кемелдігі туралы ел аузында әлі айтыла береді. Тұңғыш Президент — елдегі тыныштық пен татулықтың тұрақты кепілі бола білді. Қиын жағдайларда батыл шешім қабылдады. Олар өзін-өзі ақтап, еліміздің өркендеуіне серпін берді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық күш-қуаты мен мүмкіндігін пайдала отырып, алға қойған барлық мақсатты жоспарларды іске асырды. Ата-бабаларымыздан мұра болған бейбітшілік пен келісімді сақтай білді. Нұр- ағамыз тарихта қалатын тұлға. Біз әлі сізбен біргеміз, қадірлі Елбасы!», — деді   қоғам қайраткері Досыбай Шерімқұлов.                                                                                                 

     «Халықтың бірлігі мен берекесі, ұлттардың татулығы, елдің тыныштығы бәрі де Елбасының жүргізген сарабдал саясатының жемісі. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі жолында талай қиындықтарды бастан өткерсе де елдің экономикасы мен әлеуетін көтеруде Елбасы барлық күш-қайратын жұмсады. Бүгінде әлемдік деңгейде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Әлемде болып жатқан дағдарысқа мойымаған Қазақстан биік белестерді бағындырып, еңселі елге айналды. Күні кеше облыста орын алған маңызды оқиғалардың бірі – облысы орталығын киелі Түркістанға ауыстыруы мен Шымкент қаласын үшінші мегополист қалалардың қатарына енгізуі туралы Жарлықтары еді. Жеріміздің кеңдігі ғана емес, халықтың саны жағынан да мақтанатын жағдайға жеттік», — деді ақын Ханбибі Есенқарақызы.

    «Кешегі КСРО тарағаннан кейін бос кеңістікте қалған Қазақстанды экономикалық жағынан туралаған күйінде қабылдап алған Н.Назарбаев өз елін әлемдік деңгейге жеткізу жолында жанқиярлықпен қалай күрескені көз алдымызда. Иә, оған оңай болған жақ. Ел дамуы мүлдем басқа арнаға бұрылды. Нарықтық қатынас кезінде адамдар қалай өмір сүрудің жолдарын білген жоқ. Дегенмен, дамудың даңғыл жолы біреу-ақ еді. Міне, соны Нұрекең асқан көрегендікпен тани білді. Әрине, уақыт талабына, замана талабына барлығымыз бас иеміз. Оның өте жоғары лауазымынан өз еркімен бас тартуы да оның өте ақылды әрі сұңғыла саясаткер екенін көрсетеді. Көңілге үлкен демеу болатыны Ұлт Көшбасшысы әлі де атынан түскен жоқ. Ол қасымызда, Тәуелсіз елін тұғырлы ету жолында бұрынғысынан да жігерлі еңбек ете бермек», — деді қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.