Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркістанда «Ер қанаты — ат» көрмесі ашылды
    Бас ақпарат

    Түркістанда «Ер қанаты — ат» көрмесі ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.03.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына орай Наурыз мерекесі қарсаңында  «Ер қанаты – ат» экспозициялық көрмесі ашылды. Көрмеге қорық-музей қорында сақталған VI-VII ғасырға тән үзеңгі, XIX ғасырлық таға мен қаусар және X ғасырдағы ат әбзелдері сынды 30-дан аса көне жәдігер қойылған.

    Көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков пен қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Әбдікамал Әшімбеков ашып, қазақ тарихындағы ат өнері, қоғамдағы орны жайлы сөз етті.

    «Жылқыны көлік еткен ата-бабаларымыз, ең сенімді серік ретінде жоғары қадірлеген.  «Ер қанаты – ат» деген халық нақылы да тектен-текке айтылмаған. Мәселен, 1979 жылы Күлтөбеде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде  VI-VII ғасырларда көмілген аттың қаңқасы табылды. Жылқы ауыздық мен  үзеңгі сынды әбзелдерімен қойылған. Дәл осындай жәдігерлер Ташкент, Самарқан, Алтай өңірлеріндегі бес жерден табылған. Бұл түркілердің жауға да, жолға да сенімді серігін қадір тұтқан қасиетін білдіреді. Табылған үзеңгі тат басқанымен өз қалпын сақтап қалған. Бүгінгі көрмеден тамашалап отырғандарыңыз да сол жәдігер»,  – деді археолог Марат Тұяқбаев.

    Сонымен қатар, көрме экспозициясына қойылған жәдігерлер қатарында, қорық-музейдің реставраторы Еділ Мұташевтың жасаған жылқы макеті де көпшіліктің көңілінен шықты.  Көрмені Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларынан келген туристер тамашалап, қызығушылықтарын білдірді.  «Ер қанаты – ат» жәдігерлер топтамасы бір ай бойы қонақтар назарына ұсынылатын болады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.