Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «14» наурыздағы №39-Ж/Қ өкімімен Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек 1977 жылы туылған, білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «инженер-механик»» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы «Сумен қамтамасыз ету және канализация» мекемесінің инженері болып бастаған.
Сарысу ауданы әкімі аппаратында кеңесші, бас маман, бөлім меңгерушісі, Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Сарысу ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.