Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда билікті басып алмақшы болған деген күдікпен бірқатар жоғарғы лауазымды шенеуніктер мен әскерилер ұсталды
    Жаңалықтар

    Қазақстанда билікті басып алмақшы болған деген күдікпен бірқатар жоғарғы лауазымды шенеуніктер мен әскерилер ұсталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.06.2016Updated:06.06.2016Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда билікті басып алмақшы болған деген күдікпен бірқатар жоғарғы лауазымды шенеуніктер мен әскерилер ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасёв. «Өткен демалыс күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері. ҚР бас прокуратурасының сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, бүгін Бас прокуратурада «Шымкент пиво» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істің тергелу барысы туралы брифинг болып өтті.

    Оған Бас прокуратураның департамент бастығы Құсайын Игембаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасёв қатысты. Төменде олардың сөйлеген сөздерінің толық мәтіні беріліп отыр. Құсайын Игембаев, Бас прокуратураның департамент бастығы: «Бұрын хабарланғандай, арнайы прокурордың басшылығымен ведомствоаралық арнайы тергеу тобы трансұлттық қылмыстық топты қаржыландыру, ұйымдасқан қылмыстық топты басқару, заңсыз есірткі заттарын сақтауға күдікті ретінде «Шымкент пиво» ЖШС бас директоры Тоқтар Төлешевке және оның айналасындағы бірнеше адамға қатысты қылмыстық істерді тергеуде.

    Көрсетілген әрекеттермен қатар, Төлешевке ауыр және аса ауыр қылмыстар, соның ішінде адам ұрлауды және өлтіруді ұйымдастыру, түрлі дәрежедегі дене жарақатын келтіру, бөтеннің мүлкін қасақана жою, рейдерлік тәрізді қылмыстар бойынша айып тағылуда. Соынмен бірге, қазіргі кезде Төлешевтің жалпы қылмыстық қылмыстарға ғана емес, сонымен қатар конституциялық құрылымның негізіне қарсы қылмыстарға да қатыстылығы анықталды.

    Қылмыстың бұл бөлігін тергеуді құзыреттілігі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізуде», — деді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасёв:

    «Тергеу органдарында Төлешов мырзаның бұрын билікті басып алуға дайындалу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізгені, ал өткен жылдан бастап нақты қадамдар қабылдағаны туралы толық мәліметтер алынған. Оның әрекет ету жоспары шиеленісті ошақтар құру арқылы наразылық акциялары және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыра отырып елдегі жағдайды тұрақсыздандыруды қарастырған, осылардың аясында балама үкіметті қалыптастырып, әрекет етуші биліктің құрылымын өзгертуді жоспарлаған.

    Біздер Атырау, Астана, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында «жер реформасы» деп аталатын қарсы наразылық акцияларын Төлешов мырза өткен жылдың желтоқсан айында дайындап, қаржыландырғаны туралы дәлелдер алынды.

    Наразылық акциялары бұдан да ертерек өтуі тиіс болғаны толықтай анықталды. Бірақ та Төлешовтің ұсталуына байланысты оның мерзімдерін акцияны тікелей ұйымдастырушылар өз беттерінше өзгерткен, олардың кейбіреулері бүгінде құрықталған.Тергеу органдары Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де наразылық акцияларын ұйымдастыруды қаржыландыру бойынша тексерістер жүргізуде.Төлешов тергеу изоляторында бола отырып, елдегi қалыптасқан жағдайды пайдалануға тырысып, 2016 жылдың мамырында Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жаппай тәртiпсiздiктер ұйымдастыруға әрекеттенген.Өзiнiң жоспарларын iске асыру мақсатында Төлешов құқық қорғау органдарының бұрынғы және әрекет етуші жоғарғы лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, елiмiздiң қарулы күштерi бөлiмдерiнiң кейбiр басшылары қатарынан мақсатты түрде өзiнiң жақтастыран iздестiрген.Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары Төлешовтің қылмыстық әрекеттерiн iске асыру мақсатында пайдалануға жоспарлаған едәуір қару-жарақ, оқ дәрiлер мен жарылғыш заттарды жасырын орындардан тәркiлеген.

    Өткен демалыстарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерi Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешовтің бiрқатар сыбайлас жақтастарын ұстады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныпты әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД-нің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибратулла Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД бұрынғы бiрiншi орынбасары, полиция полковнигi Сәкен Айтбеков, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Оңтүстiк аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, полковниктер Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаев бар.Аталған тұлғалар тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, оларға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі шешілуде.Тергеу жалғасуда. Қосымша ақпарат түсу ретіне қарай және тергеу құпиясын ескере отырып жұртшылыққа жеткізілетін болады».

    Ақпарат көзі: ҚазТАГ

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.