Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өңірлердің өсуі: Әулиеата жұрты әкімнің есебін тыңдауға жиналды
    Айғақ MEDIA

    Өңірлердің өсуі: Әулиеата жұрты әкімнің есебін тыңдауға жиналды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.02.2019326 Views

    Түркістан облысының аумағынан 160 шақырым қашықтықта жатқан Жамбылдың жариялы жұмысын біздің арна да назардан тыс қалдырған емес. «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» күре жолы қатынасты нығайта түсті десек қателеспейміз. Батыс пен Шығысты жалғаған магистраль облысаралық барыс-келісті де жақсартты.  «Ұлы Жібек жолын» бес ғасыр өткен соң қайта жаңғыртуды ұсынған еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы — дәл осы транзиттік дәліз арқылы әлем жұртшылығының назарын аударды. Міне, бүгінде пайдалануға берілген күре жол «Өңірлердің өсуі» арқылы жамбылдық жұрттың жағдайын елге жеткізбек болған біздерді де айналасы 2 сағаттың шамасында  облыстың орталығына алып келді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 22 ақпанына сағат 11.00-ге белгіленген, «Баласағұн» орталық концерт залында өтетін Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы МЫРЗАХМЕТОВТІҢ халық алдындағы есеп беру кездесуіне келген жұрттың қатары қалың. 2018 жылы өңірде атқарылған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші жарияланады бүгін. Тиісінше, 2019 жылға әкімдіктің алдында белгіленіп отырған жоспарлар бар.Жалпы, Жамбыл облысы әкімдігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылы өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарымен 396,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 102,6%-ды құраған.

    2018 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауларындағы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде көрсетілген міндеттер мен басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталып отыр.

    Жамбыл облысының әкімі қызметіне Елбасының Жарлығымен 2018 жылдың 10 қаңтарында келген Асқар Мырзахметов небәрі 1 жылдың айналасында Әулиеата жұртының ыстық ықыласына бөленгендігін байқадық. Өйткені, жарқын жүзді жамбылдық ағайынның алдын ала айтары да алғыспен астасып, атқарылған тірліктерден хабардар екендігін танытып жатты. Өлкедегі өзекті мәселелердің шешу ісін де алдағы уақыттың еншісіне қойғандығын ерекше айтып берді.

    Атап өтейік, Жамбыл облысының халқы бүгінгі таңда 1 123 687 мың адамды құрайды.

    «Айғақ-ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.