• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

СЕНІМ ҮДЕСІНЕН ШЫҒУ МІНДЕТ

26.01.2019
0

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтін Ұлт Көшбасшысы 2019 жылды Жастар жылы деп атауды ұсынды. Демек, Елбасы бізге сенім артып отыр, ал біз осы үдеден шығуымыз керек.
Бұл жылы не атқарылуы тиіс? Қандай түйткілге басымдық берген абзал? Ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Біз тек сөзімізбен емес, әр ісімізбен, әр қадамымызбен болашақ елдің иесі екенімізді, бізге тізгінді сеніп тапсыруға болатынын дәлелдеуіміз керек. Жарқын болашақ үшін не жасалуы керек? Жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай? Сұрақ көп, бірақ біз әрбіріне жауап бере отырып, ісімізді ілгерілетіп, елдігімізді дәлелдейміз.
Қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілсе, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты ісшаралар қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізуін қадағаласақ құба-құп. Бүгінде жастардың көбісінің баспанасы мен тұрақты жұмысы жоқ. Қалаға жұмыс іздеп барған кейбіреулерінің тауы шағылып, түрлі қылмыстық әрекеттерге бой алдыратыны да жасырын емес. Жұмыс берушілер көбіне еңбек өтілін сұрайды. Осы орайда ұжымда тәлімгерлік мектеп қалыптастыру арқылы бұл мәселені шешуге болады. Бұрын мұндай мектеп болған, соны қайта жаңғырту керек. Жастарды жұмысқа бейімдеп тәрбиелейтін тәлімгер маманның жалақысына үстеме ақы төлеу механизмін қарастырудың да артықтығы жоқ. Негізі, Қазақстанда жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар. Жұмыс таппаса демек адам мәселені өзінен іздеуі керек. Мысалы, АҚШ пен Еуропа елдерінде жастарға бөліп-жарып қолдау жасамайды. Заң алдында бәрі тең құқылы. Кез келген жас болашақ мамандығын өзі таңдайды, оқитын оқу орнын да өзі шешеді. Ал, ол оқуын бітіре алды ма, жоқ па – өзі жауапты. Бізде баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламалар да жетерлік. Тек олардан жастардың көбі бейхабар, себебі ізденіп зерттемейді.
Жастар — қоғамның қозғаушы күші екені белгілі. Бүгінгі жастар бұрынғыдан өзгеше. Креативті пікірге ие. Түрлі үйірме, дарынды балаларға арналған мектептердің оқушылары, студенттер инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынады. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Халықаралық сайыстардан арнайы грант ұтып алғандары да бар. Оларды әрі қарай ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына септігі тисе нұр үстіне нұр. Сонда шекара асып, шетелге емес өз еліне пайдасын тигізетін жастар қатары артады. Ауданымызда заманауи технологияларға қызығатын оқушыларға арналған арнайы ІТ-сынып ашылды. Оған қатысушылар «Нұр Отан» партиясының арнайы жобасы аясында осындай мүмкіндік алды. Бұрыннан робототехника, интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға дағдыланған балаларға бұл ерекше серпін бергені рас. Осындай қолдаулар арқылы олар білімге құштарлығын арттырып, жаңалық ашуға бір қадам болса да жақындайды.
Ауданымызда талантты, талапты жастар көп. Бірақ, шалғай ауыл жастары қалалықтарға қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалуда. Елбасы мұны да назардан тыс қалдырмай, ауыл жастарына кәсіп ашып, іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті. Бүгінгі жастар — ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Сондықтан әрбірі қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Отансүйгіштік те, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде жастарды тек мереке кезіндегі флэшмоб сынды көңіл көтеретін ойын-сауықтық ісшараларға ғана пайдаланатындай. Асылында, олай емес. Біздің Жастар ресурстық орталығы тынымсыз әрі тындырымды еңбек етуде. Түрлі шығармашылық байқаулар, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртатын сайыстар ұйымдастырып, жастар мен жасөспірімдер арасында ұлттық рухты оятуға өзіндік үлесін қосуда. Атқаратын ісімізге Жастар жылы қарсаңында қолдануға берілген Жастар сарайы тың серпін берері сөзсіз.
Аудан ғана емес, оңтүстік өңіріндегі бірден-бір Жастар сарайы Елбасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тартуы деп білеміз. Мұнда түрлі қызықты конференция, пікірталас ұйымдастыруға, концерт тамашалауға, салауатты өмір салтын ұстану үшін жағдай жасалған. Спортпен айналысуға арнайы құрал-жабдықтар қойылған. Жазғы алаң да бар. Бәрі тегін.
Алдағы уақытта жоғары оқу орнын бітірген жерлестерімізді туған жерін көркейтуге, өсіруге үлес қосу үшін шақыратын түрлі ісшара ұйымдастыру жоспарымызда бар. «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алып, ауыл мектебінде жемісті еңбек етсе несі айып?! Керісінше, ондай ұстаздың сабағына қатысып, шетел көрген адамнан білім алудың өзі оқушыларды қызықтыруы тиіс.
Сонымен қатар жастардың назарын рухани құндылықтарға аударуымыз керек. Себебі, олар материалдық құндылықтарға көбірек мән береді. Ең маңыздысы — жастардың өз құқы үшін күресе алатындай мүмкіндік қарастыру.
Өзі жұмыс іздемей, өзгеден сылтау іздейтіндер бар. Өзіне сенбейді. Одан да бөлек психологиялық қиындықтары болса біздің орталық жанындағы психологиялық сүйемелдеу секторының қызметкерлері олардың мұңын тыңдап, көмектесуге әркез дайын. Сектор қызметкерлері жұмыс жоспарына сәйкес, әлеуметтік мәселелер, соның ішінде жас отбасылардың мәселесін, бала тәрбиесі мәселесін жиі көтереді. Жас отбасылардың ажырасу себептеріне талдау жасайды.
Бір өкініштісі — бүгінгі жастар ата-енеге емес, тренингтерге көбірек сенеді. Отбасын сақтап қалу үшін күресетіндері аз. Ал, әр отбасы — шағын мемлекет. Олардан біздің кең байтақ Қазақстан құралады. Жастарға барлық жағдайды жасап, тың мүмкіндік беріп отырған егемен еліміздің көркеюіне кішкентай үлесіміз үлкен мәселені шешуге себеп болуы мүмкін екенін естен шығармайық.
Жаңа келген Жастар жылы жағымды жаңалыққа толы болсын!

Сайлыбаев Мұрат,

Ордабасы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.