Киелі Отырар жерінде Бахытбек Смағұлов сиясы кеппеген өлеңін Түркістан облысының халқына арнады. Мәжілісменді әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің туған топырағы шабыттандырды білем, жүрегінен жыр төкті. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 18 күні бір топ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Отырар мен Түркістан аймақтарында болып, тарихи орындарды аралаған болатын. Елордадағы Парламенттің қабырғасынан шыққан халық қалаулылары ескерткіштерді қорғау туралы заңды талқылады. Міне, сол сәтте Бахытбек Смағұлов «Айғақ» телеарнасы арқылы күнгей аймағы туралы жүрек жарды жырын жеткізді.
«Айғақ-ақпарат».