Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Төртінші әлеуметтік бастама аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпкерлікті дамыту арқылы халық табысының артуын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтарға шағын несие беруді жүзеге асыруда. Осылайша, 2018 жылы бағдарламаны қаржыландыру 20 млрд теңгеге, оның ішінде ауылдарда – 14 млрд, қалаларда – 6 млрд теңгеге ұлғайды.
«Қосымша бөлінген қаражатты есепке алғанда, шағын несие берудің жалпы сомасы 62 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 45 млрд теңге ауылдық жерлерге (73%) және 17 млрд теңге (27%) қалалық жерлерге жіберілді. 2018 жылға арналған шағын несиемен қамту жоспары 14 мың адамды құрады», — деді министр М. Әбілқасымова.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес шағын несиелер микробизнесті ашу, қолданыстағы бизнесті кеңейту және зәкірлік кооперацияны дамыту мақсатында беріледі. Шағын несиелер 5 жыл мерзімге, ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға 7 жылға дейінгі мерзімге 6%-дық атаулы мөлшерлемемен беріледі. Сондай-ақ, істі жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге несие сомасының 85% аспайтын кепілдіктер беріледі.
2018 жылы Төртінші әлеуметтік бастаманы тиімді іске асыру үшін Бағдарламаға:
- ауылдар мен қалаларда микрокредит беру лимиттерін саралауды;
- зәкірлік кооперацияны дамыту үшін ауылдық елді мекендерде шағын несие беру мөлшерін 5 мыңнан 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтуды;
- өңдеуші ауыл шаруашылығы кәсіпорындары аясында зәкірлік кооперацияны дамытуды және шағын несиелер беру рәсімдерін жеңілдетуді;
- Бағдарламаға қатысушылар санын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен толықтыруды;
- жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, зәкірлік кооперация мен ауыл шаруашылығы кооперативтері қатысушылары үшін кемінде бір жаңа тұрақты жұмыс орнын құру бойынша талаптарды азайтуды;
- мемлекеттік тіркеу мерзімі салық органдарында үш жылдан асатын кәсіпкерлерді – зәкірлік кооперация қатысушыларын кепілдендіру нормаларын қосуды көздейтін өзгерістер енгізілді.
М. Әбілқасымованың мәлімдеуінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша шағын несие беру бағдарламасы бойынша барлығы 59,5 млрд теңге немесе игерілді, оның ішінде ауылдарда – 45,4 млрд теңге, қалаларда – 14,1 млрд игерілді. 2018 жылы барлығы 14 053 шағын несие берілді, оның ішінде ауылдарда – 12 760 немесе жылдық жоспардың 116%, қалаларда – 1 293. Ауылдарда шағын несие берудің орташа мөлшері 3,5 млн теңгені, ал қалаларда 11 млн теңгені құрады.
Берілген шағын несиелердің ішінен стартап жобаларды қолдауға — 9 772 шағын несие, зәкірлік кооперацияның жаңа бағытын дамытуға — 1 024, жеке істі кеңейтуге — 3 257 шағын несие берілді.
Экономика салалары бөлінісінде мал шаруашылығын дамытуға — 76%, өсімдік шаруашылығын дамытуға — 2,7%, құс шаруашылығын дамытуға — 2,2%, көлік және қоймалау саласына — 6%, өңдеу өнеркәсібі саласына — 2%, басқа да қызмет түрлері бойынша — 5,6% шағын несие бөлінді.
М. Әбілқасымованың айтуынша, шағын несие беру бағдарламасы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан 13 367 адам және 1 686 жұмыссыз адам кәсіпкерлікпен айналысуға, сондай-ақ, өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру түрінде маңызды әлеуметтік әсер алынды. Шағын несие алған адамдар қосымша 12 613 жұмыс орнын құрды.
Айта кету керек, Бағдарлама аясында шағын несие алу шарттарының бірі — «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнес негіздеріне оқыту. Аталған жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге іске асырылып жатыр. 2018 жылы оқумен 28,3 мың адам немесе жылдық жоспардың 100%-ы қамтылды, олардың ішінде 19,4 мың қатысушы өздерінің бизнес-жобаларын қорғап шықты, ал 7,7 мың адам шағын несие алды. 2018 жылы оқыту қорытындысы бойынша бизнесін бастаған қатысушылардың 95%-ы бюджетке салық аудара бастады.
М. Әбілқасымованың айтуынша, биыл бөлінген қаражат есебінен 14 мың адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 12 мың адамды, ал қалаларда 2 мың адамды шағын несиемен қамту міндеті тұр. Осы жылы шағын несие беру бағдарламасын қаржыландыру көлемі 62 млрд теңгені құрайды.
ҚР ЕХӘҚМ деректеріне сәйкес, биыл шағын несие беру бойынша көрсеткіштерді орындау үшін бағдарлама операторларына өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, үш жақты несиелік келісімдерге қол қоюды тездету және бөлінген қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылып, соңғы қарыз алушыларға жетуін қамтамасыз ету қажет.
«Шағын несие беруді дамыту» бағытында ауыл шаруашылығындағы жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыруға шағын несиелер беру «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқанын атап өтті. Аталған мақсаттарға 2018 жылы 44,7 млрд тг көлемінде бюджеттік несие бөлінген, соның ішінде 13,9 млрд тг — Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында бөлінген қосымша қаражат. Бұдан өзге, шағын қаржыландыру ұйымдары мен несиелік серіктестіктер арқылы берілетін шағын несиелерді кепілдендіру тетігі қарастырылған. Оператор — «ҚазАгроКепіл» АҚ. 2018 жылы 1,6 млрд теңге сомасына 553 кепілдіу берілді. 2019 жылы 12 мың шағын несие беру көзделген, соның ішінде 2400 — жаңа бизнеске.
Өз кезегінде, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов 2018 жылы қалаларда шағын несие беруге 13,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 6,1 млрд теңге Бес әлеуметтік бастама аясында республикалық бюджеттен қосымша бөлінген. Қалалар мен моноқалаларда 14,4 млрд теңге сомасына 1 311 жоба қаржыландырылды.
Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлерге шағын несиелерді 85%-ға дейін кепілдендіру ұсынылады. Осылайша, 2018 жылы 2,8 млрд теңге сомасына 484 кепілдік келісімшарты жасалды. Бұл әрбір үшінші несиеге кепілдік берілгенін көрсетеді. 2019 жылы республикалық бюджеттен 9,3 млрд теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Сонымен қатар, бұған дейін бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер Бағдарламаға қатыса алмады. Енді мұндай шектеулердің алынып тасталуына байланысты берілген шағын несиелердің саны айтарлықтай артады. Бұған қоса, Қазақстанның барлық өңірінде шағын қаржы ұйымдарын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.