Ташкент орталығында 80 жыл бұрын жоғалған қазына табылды, — деп хабарлайды kun.uz. Қазынаны Ұлттық университет ғалымдары Ташкенттегі ескі ғимараттың жертөлесінде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан уақытта тапқан. Алдын ала болжам бойынша оның құны бір миллион доллардан асады. Ғимарат 1870 жылы салынған. Ғимараттың жертөлесінде тағы бір жасырын қойма болғаны анықталды. Сирек кездесетін өнер туындылары, алтын және күміс тиындар және ыдыстар, ескіліктің неше түрлі заттары, картиналар, икона мен бағалы металдар табылған. Қазіргі уақытта табылған заттар музейге жеткізіліп жатыр. Кейбір заттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Табылған заттар арасында 1918 жылы князь Романовтың Ташкенттегі сарайының коллекциялары бар. Әзірге табылған заттарды тіркеуге алу жұмыстары аяқталған жоқ. Кейбір табылған заттардың суреттері жарияланды.
Алтыннан жасалған микроскоп, XIX ғасыр Австрия империясы.