2019 жылы «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың жоспарланған мерзімі белгілі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын алу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзімі мен аталмыш конкурсты 2019 жылы өткізу мерзімі бекітілсін: құжаттарды қабылдау – 2019 жылдың 18 ақпаны-31 тамызы аралығында; конкурсты өткізу – 2019 жылдың 01 наурызы мен 29 қарашасы», — делінген білім және ғылым министрлігінің бұйрық жобасында сәрсенбі күні.
Сонымен қатар, 2019 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын алу үшін өткізілетін конкурс жеңімпаздарына оқуға, тіл курстарынан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік ЖОО тізімі де анықталды. Олардың қатарында Гарвард университеті, Лондондағы Империя колледжі, Массачусетс технологиялық институты, Сорбонна университеті мен әлемнің көптеген басқа да белгілі ЖОО бар. Бұйрық жобасында 2019 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында шетелде оқу жоспарланып отырған мамандықтар тізімі де ұсынылған.
Құжат 30 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.