2019 жылға арналған қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары белгіленді, делінген Қазақстан үкіметінің қаулысында.
«Белгіленсін: 1) 2019 жылы 2103 адам оралманды қабылдаудың өңірлік квотасы; 2) 2019 жылы 7771 адам қоныс аудрушыны қабылдаудың өңірлік квотасы», — делінген сәрсенбіде ұсынылған құжатта.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылдың 1 тамызында және 2020 жылдың 1 ақпанында үкіметке қаулының орындалуы туралы есеп ұсынуы керек.
Құжат 26 қаңтарда күшіне енеді.