«Әйтеке би ауылынан — Әйтеке бидің еліне» атты жаңа жоба іске аспақ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — сол ұлттық кодты сақтай білу керектігін айтқан болатын. «Айғақ» телеарнасы рухани кұндылықтарымызды жаңғырту мақсатында жылдың басын жаңаша леппен бастады.
17-18 ғасырларда қазақ тарихында орны бөлек қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, бір тудың астына жинаған Төле, Қазыбек пен Әйтеке. Жоба жетекшісі Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіш бастаған түсірілім топ аталған бастаманың тізгінімен жолға шықты. Жоба Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Әйтеке би ауылынан бастау алды. Ат басын Қызылорда облысы, Қазалы ауданына бұрған жоба жасаушылар 805 шақырымды басып өтіп, Әйтеке кентінде түсірілімді жалғастыратын болады.