Түркістан облысында жалпы саны 14 метеорологиялық станция бар. Соның бірі, Кенді таудың арасында орналасқан «Ащысай» метеостанциясы. Оның негізі 1936 жылы қаланған. Таулы аймақтың тылсым табиғатының ерекше екендігін бірден байқадық түсірілім барысында.Алдымен Кенді қаланың тынысымен танысып шыққан біздер, ат басын бірден осы «Ащысай» метеостанциясына бұрдық. Аталған метеостанцияның меңгерушісі Оксана Владимировнаның айтуынша, қардың қалыңдығы 70 сантиметрге дейін баратын көрінеді.
Ондағы мақсатымыз ауа-райы болжамын анықтаудағы негізгі мәселелерді халыққа түсіндіру. Жақын күндері Түркістан облысының метеорологиялық станциялары жайлы дайындалған толық арнайы репортажды «Айғақ» арнасынан көретін боласыздар.
Айтолқын Молдабекова.