Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының 2018 жылға жасаған басты жетістіктерінің бірі палата сарапшыларының Шымкент қаласындағы кәсіпкерліктің және қала экономикасын жақсартудағы кең көлемді талдау жұмыстары. Бұл жайлы пресс-конференциясы төңірегінде айтып өтті.
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары өңдеу өнеркәсібінің жұмыс кәсіорындарын паспорттауды өткізіп, импорт алмастыруға жататын топ-10 тауарды анықтады. Олар-жүзім, шие, өрік, металл-конструкциялары (58,6 млн), сұйық сорғылар (35,5 млн), қара металдан жасаған бұйымдар (31,5 млн), жиһаз (23,4 млн), керамикалық плиталар (12 млн), трансформаторлар (11,2 млн), кілем бұйымдары (7,4 млн), шырындар (4,4 млн), және алма (3,8 млн). Жалпы алғанда, 313,8 млн. АҚШ доллары қаржысына импорт алмастыру жайлы айтылып отыр.
Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы 2018 жылдың қазан айында құрылған болатын. Бұрын болған Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы болып қайта құрылды. Ендігі Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы ағымдағы жылдың екі айында әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімімен 93 өтініш қаралды, оның 30-ы кәсіпкерлердің пайдасына оң шешімін тапқан екен.
Тоғжан Нарбай.