Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мен қаланы түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде таныту және тарихи орындардың төл келбетін сақта отырып, жандандыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан қаласындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпалары толығымен қалпына келтіріліп, туристік бағытқа қосылады.
Сондай-ақ, 2019 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңын абаттандыру жұмыстары қолға алынып, қала қорғандарының орындарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмек. Қайта қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ортағасырлық магистральдық көшелерге де қазба жұмыстары жүргізіліп, сауда-саттық орындары туристерге қызмет көрсететін болады»,-деп мәлімдеді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз конференциясында.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...